Түркістан облысы – Қазақстандағы халқы ең көп аймақтардың бірі. Жыл сайын онда 60 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді. Бұл – бір ғана статистика емес, аймақтың болашағының берік кепілі. Осындай демографиялық өсімді қамтамасыз етіп отырған басты факторлардың бірі – перзентханалардың сапалы қызметі мен аналарға жасалып жатқан қамқорлық,- деп хабарлайды turkistan.today
Айта кетелік, Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды.
Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Кеше сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде осы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген.
Мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы 34 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырса, осы жылы облыстық медициналық ұйымдардағы 70 қызметкер шетелдік мамандардың қатысуымен өткен көшпелі шеберлік сағаттарына қатысты.
Медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 1 млрд теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл да 1 млрд теңге қаржыға құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде, 72-сі – егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.
Сондай-ақ, осы жылдың 19 маусымында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Түркістан қаласында салынып жатқан медициналық нысандардың құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.
Алдымен аппарат басшысына облыс орталығында салынып жатқан «Ана мен бала» орталығындағы жұмыстар таныстырылды. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен салынып жатқан перзентхана – 80 төсек-орындық. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын «Эристайл-Казахстан» ЖШС жүргізіп жатыр. Орталық 3,3 гектар аумақта орналасады. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы – 17 288 шаршы метр. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толық аяқталған. Іргетасын құю және қайта топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде.
Осы күні аппарат басшысы Түркістан қаласындағы 1,56 гектар аумақта бой көтеріп жатқан оңалту орталығының жұмысымен танысты. Нысанның құрылысын «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ жүргізуде. Тапсырыс беруші – «TURKISTAN INTERNATIONAL AIRPORT» ЖШС. Ғимараттың жалпы алаңы — 2 227,41 шаршы метр. Жоба бойынша орталық аумағында балалар алаңшасы қарастырылған. Орталық толық заманауи жабдықтармен жабдықталып, айналасы көгалдандырылады.
Жұмыс барысын пысықтаған Еркебұлан Дауылбаев жауапты тұлғалар мен мердігерлерге құрылыс барысында өңірде шығарылатын материалдарды қолдануды, ғимарат ішін отандық өнімдермен жабдықтауды тапсырды. Нысанды өндірістік кестеде көрсетілген мерзімде тапсыруды міндеттеп, «сақалды құрылысқа» жол жоқ екенін баса айтты. Құрылыс сапасы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында екенін жеткізіп, орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт берді.
Айта кетелік, 2024 жылы № 2 Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Сайрам ауданы Ақсу елді мекеніндегі Эгамбердиевтер отбасы бірден үш перзентпен толықты Qandastar.kz malim.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін 2 ұл мен 1 қыз босанды. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйлеріне шықты. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін жеткізді.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 34 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 430 грамм болса, екіншісі – 2 келі 490 гр, ал, үшіншісі 1 келі 730 грам болды. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы мүшелері үшемдерге Хасан, Фатима, Хусан деп есім берді.
Дәрігерлердің айтуынша үшемдер туылған кезде аппаратта болған. Оларды алғашқы күндері «жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер» бөлімшесінде бақылаған.
Сондай-ақ, Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды. Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде осы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген. Мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы 34 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырса, осы жылы облыстық медициналық ұйымдардағы 70 қызметкер шетелдік мамандардың қатысуымен өткен көшпелі шеберлік сағаттарына қатысты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.