Түркістан облысындағы гендерлік саясат: жаңалықтар мен даму бағыттары

Түркістан 12 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы соңғы жылдары гендерлік теңдік саласында маңызды қадамдар жасап, әйелдер мен ерлердің құқықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл өңірде әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, кәсіпкерлік саласындағы үлесі, білім беру мен саясаттағы рөлі артып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен өңірлік бастамалар арқылы гендерлік саясатты дамытуда Түркістан облысы еліміздің алдыңғы қатарындағы өңірлердің біріне айналды,- деп хабарлайды turkistan.today

Таңмен таласа тұрып, жер жыртып, темір балқытқан, жарық пен жылуды қамтамасыз етіп жүрген жандар – нағыз еңбек адамдары. Елдің еңсесін тіктейтін де, шаңырақты шаттыққа бөлейтін де – адал еңбек. Ал Түркістан облысының Қазығұрт ауданында еңбектен қашпаған қыз-келіншектер ет комбинатында жұмыс істеп жүр. Ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген жандар туралы әріптесім Айнұр Ақбаева тарқатады.

Айжамал Шақуова күнделікті осылай тікесінен тік тұрып, ет шабады.  Комбинатта жұмыс істегеніне биыл 4 жыл. 8 баланың анасы қашан да ауыр жұмыстан қашпағанын айтады. Қазір де 8 градус салқында сиыр етін турайды. Сондықтан да оны әріптестері құрмет тұтады. Басшылық өзгелерге үлгі етеді.

Айжамал Шақуова, жұмысшы:

Етті бізге сүйектен ажыратып береді, біз сортқа бөліп, боршалаймыз. Сорт-сортқа бөліп, майын бөлек, майсызын бөлек. Солай бөлеміз. Таңғы сағат сегізден бастап, кешкі алтыда жұмыс уақытымыз бітеді.

Ал тауық етінің цехында 70-ке тарта адам еңбек етеді. Басым көпшілігі қыз-келіншектер. Олар құс етін бөлшектеп, сатылымға дайындайды. Әрқайсысы жұмысына ерекше жауапкершілікпен қарайды.

Рысқы Әбдухаймова, жұмысшы:

Тауық цехында жұмыс істеп жатқаныма бес жылдан астам уақыт болды. Бұл жерде біз тауықты боршалаймыз. Етінен сүйегін ажыратамыз, қанатын ажыратамыз. Терісін ажыратамыз. Жұмыс оңай. Ыстық тамағы беріледі бір мезгіл. Киіммен қамтамасыз етіледі.Бүгінде ет комбинатында 450-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Малды союдан бастап, шұжық жасап, қазы айналдыру осы жұмысшыларға жүктелген. Тәулігіне 50 тоннадан астам шұжық өнімдері шығарылады.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық миллиондаған адамдарға әсер ететін жаhандық мәселеге айналған. Дегенмен, дүние жүзінде зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсетуге дайын ұйымдар мен бастамалар көбейіп келеді. Бұл жұмыстаы басты рөл зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге жан-жақты көмект көрсететін мамандандырылған орталықтарға тиесілі.
Ал әйелдерге көмек көрсету орталықтары мәселенің барлық аспектілерін ескеретін кешенді әдісті қолданады. Бұл жай ғана жедел жәрдем емес, физикалық және писхологиялық денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетін маңызды қолдау жүйесі. Өңірде әйелдерді қолдау және қорғау мақсатында жұмыс істеп жатқан орталықардың басты мақсаты да осы.

Айта кетсек, Түркістан қаласында «Қамқорлық» отбасы орталығын ашылған. Отбасы орталығы негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Олар: психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем беру, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізу, медиаторлармен бірлескен жұмыс (отбасындағы проблемалармен ажырасудың алдын алу, құқықтық көмектер) жүргізу, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешу, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету, мұқтаж аналарға арналған курстарды ұйымдастырып, оқыту және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Орталықта кондитерлік, тігіншілік, компьютерлік сауаттылық, шаштараз, СММ кәсібін меңгеру, дефектолог-логопед мамандарды даярлау да қолға алынып отыр. Алдағы уақытта «Қамқорлық» отбасы орталығы аудандарда да ашуда жоспарланып отыр.

Айта кетелік, Ernur.kz мәліметінше, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ыстамбул Сауда палатасы және Кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ыстамбул Сауда палатасы мен Кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар серіктестік шарттарын талқылап, мүмкіндіктерді саралады. Қауымдастық мүшелері Сабрие Коджабалкан, Мехлика Гидер, Капуджу Аху қазақстандық кәсіпкер әйелдермен іскерлік байланысты нығайту, серіктестікті дамыту бойынша жобаларын таныстырып, ұсыныстарын жеткізді. Нұрбол Тұрашбеков Түркістан өңірінің ерекшеліктерін баяндап өтті. Жоба аясында Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін арнайы кооперативтер құру, брендинг және коммерцияландыру мәселелері бойынша кеңес беру орталығын ашу ұсынылды. Бұл бастама Түркияда әйелдер кооперативі мен KAISDER бизнес-одағының тәжірибесіне негізделіп, Қазақстанда әйелдерге бағытталған пилоттық кооперативтер құруды көздейді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және тоқыма секторларында әйелдер кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігінің мүмкіндіктерін кеңейту және олардың экономикалық тәуелсіздігін арттыру. Түркияның Bikoop әйелдер кооперативі мен KAISDER қауымдастығымен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын жоба әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына үлкен ықпал етіп, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтпек. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және әйелдерге экономикалық тұрғыдан теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.