Түркістан облысындағы гендерлік саясат: Әйелдердің әлеуетін арттыру

Түркістан 1 қазан, 2025

Гендерлік теңдік — Қазақстанның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Түркістан облысы бұл салада айтарлықтай жетістіктерге жетіп, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Облыс әйелдердің кәсіпкерлік, білім, қоғамдық және саяси өмірге қатысуын қолдай отырып, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге күш салып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

 

Aikyn.kz мәліметінше, 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өндірістік салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетті. Әйелдер қанаты Кентау қаласындағы №5 Жылу энергоорталығында «Өндірістегі әйел – ел құрметіне ие» мерекелік іс-шарасын өткізіп, стратегиялық маңызы бар кәсіпорында жұмыс істейтін арулар қадір-құрметке бөленді.

Айта кету керек, Кентау қаласын жылу­мен қамтамасыз етуші бұл кә­сіп­орын­ның техникалық реконструкциядан өтуі «AMANAT» партиясының Респуб­ли­­­калық сайлауалды штабымен қада­ға­лау­ға алынып, атқарылуы керек жаң­ғырту жұмыстары партияның Сайлауал­ды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасына ен­ген болатын. Биылғы жылыту мау­сы­мын­да ауқымды жаңғырту жұмыс­та­ры­ның бірінші кезеңі толығымен аяқталып, кентаулық тұрғындарға беріліп отырған жылудың сапасы едәуір жақсарды.

Кәсіпорынның жоспарлы өндірістік қуа­­тына шығуына осында күндіз-түні уа­­қытпен санаспай тер төккен аза­мат­тар­­дың еңбегі ұшан-теңіз. Алып өндіріс орнының қалыпты жұмыс істеуіне ер-аза­маттармен бірге аруларымыз да қа­жыр-қайратын жұмсады, белгіленген жұ­мыс межесіне табандылықпен қол жет­кізді. Жүрегі нәзік болғанымен, тау­дай еңбегі бар қыз-келіншектерді ар­найы құттықтауға «AMANAT» партиясы Түр­кістан облыстық филиалының төра­ға­сы Алтынсары Үмбетәлиев, партияның өңірлік филиалы Әйелдер қанатының кеңес­шісі, Түркістан облыстық мәсли­ха­­­тына Кентау қаласынан сайланған де­путат Қалыйма Жантөреева, Кентау қа­ласының әкімі Жандос Тасов, партия фи­­лиалының жауапты қызметкерлері кел­ді. Кәсіпорынға келген ресми өкілдер ал­дымен мұндағы кешенді жаңғырту жұ­мыстарының барысын қадағалап, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысып шықты.  

Кәсіпорынның өндірістік алаңында жи­налған жұртшылық үшін Түркістан қалалық мәдениет үйінің «Яссы» халық­тық этнофольклорлық ансамблі қазақ ха­л­­­қының ұлттық сазын шертіп, мере­ке­лік көңіл күй сыйлады. Мәдениет үйі­нің әншілері халық арасында кеңінен та­нымал «Ерке қыз», «Анамның ақ жау­лығы», «Ана туралы жыр», «Әйелдің бәрі әдемі», «Абзал ана» әндерін орындап, жұ­мысшылардың қошеметіне бөленді. 

Салтанатты жиын барысында сөз ал­ған облыстық партия филиалының тө­рағасы Алтынсары Үмбетәлиев:

«Біз Жұмысшы мамандықтары жы­лындағы ең алғашқы іс-шарамызды Ха­лық­аралық әйелдер күні қарсаңында пар­тиямыздың ерекше бақылауындағы №5 жылу-энергоорталығынан бастауды жөн көрдік. Себебі 2023 жылы өткен де­пу­таттық сайлауда партия Төрағасы Ерлан Қошанов осында келіп, өз­деріңіз­бен кездесіп, энергоорталықты түпкі­лік­ті модернизациялаудан өткізуге уәде бер­ген еді. Төраға уәдесінде тұрды. Мә­жі­ліске бара сала, орталықты қайта жаң­ғыртуға бюджеттен 17,7 млрд теңге бөл­­діртіп, энергоорталықтың бес қазан­дығы, 6,6 шақырымдық магистраль жөн­деуден өткізілді. Биыл бұл жұмыстар жал­ғасын тауып, екі қазандықты жөндеу, 14,7 шақырымдық ішкі жүйелерді ауыс­тыру міндеттері атқарылатын болады», – деді. 

Мерекелік лебізін білдірген «AMANAT» партиясы Түркістан облыс­тық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Қалыйма Жан­төреева қоғамда әйелдердің алар орны айрықша екенін айтты. 

«Сіздер ауыр жерде жұмыс істе­сеңіз­дер де, жүректеріңізді нәзік деп білеміз. Бүкіл қала халқы жылусыз қалғанда, сіз­дермен бірге мен де тоңдым. Қиын­дықтың бәрі артта қалды, кәсіпорын иы­ғын тіктеді. Осында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектердің ел еңсесін тіктеуге, қуатын арттыруға, шуақты күндерін қам­туға қосқан қомақты үлесі бар деп бі­лемін», – деді ол. Осы ретте кәсіпорын­да жұмыс істейтін 81 аруға кестелі ора­мал­ды мерекелік тарту ретінде ұсынды.

Жұмысшы қыз-келіншектерге деген ыстық ілтипатын Кентау қаласының әкі­мі Жандос Тасов та білдіріп, жылу-энергоорталық қалпына келтіру жұмыс­тары елді біріктірген жобаға айналғанын айтты. Қазір бүкіл қала халқы осында еңбек етіп жүрген азаматтарға айтар ал­ғы­сы көп екенін білдірді. Берекелі ең­бегімен абырой-беделі биік болған ұжым­ға алғысын білдіре отырып, ару­лар­ды көктем мерекесімен құттықтады.

№5 Жылу-энергоорталық директоры Саяхат Ыбышев кәсіпорынға арнайы ке­ліп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған «AMANAT» партиясының өкілдеріне өзінің және ұжымның атынан шексіз ри­зашылығын білдірді. Өндіріс орнын толық қуатына шығарудағы жоспар­лары­мен бөлісіп, еліміздегі ең ықпалды күшке ие партиямен ықпалдастық бай­ла­ныстар одан әрі жалғасын табатынына сені­мін білдірді.  

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.