Түркістан облысындағы демографиялық саясат: болашаққа бағдар

Түркістан 12 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы – тарихи, мәдени және демографиялық тұрғыдан ерекше аймақ. Бұл өңірде халық санының өсімі тұрақты, жас тұрғындардың үлесі жоғары және отбасы құндылықтары ерекше дәріптеледі,- деп хабарлайды turkistan.today

Былтырғы ақпарат бойынша, Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша еліміздегі көш бастап келеді. Өткен жылы аймақта 56 мыңға жуық нәресте туған. Ал, 2024 жылдың алғашқы 5 айында 20 мың 859 сәби дүние есігін ашқан. Бұл жайында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді.

«Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі. Бүгінгі таңда облысымызда 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астам әйел жүкті болып тіркелген. Сонымен қатар, 182 жасөспірімнің жүктілігі тіркеліп отыр. Осындай ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірімізде 24-30 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы өтпек»- деді Бауыржан Нұрланұлы.

Апталықтың басты мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу. Сондай-ақ, қазіргі таңда еліміздегі 10 миллионнан астам әйелдің 4 миллионнан астамы фертильді жастағы әйелдер болса, 6 миллионға жуығы балалар екенін жеткізді ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚҚ Түркістан облысы "Әйелдер кеңесі” төрайымы Баян Жандосова.

Сонымен қатар, апталықтың ашылуына арнайы келген ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесi Назым Жанғазинова ата-ана мен бала арасында жоспарланбаған жүктілік жөнінде ашық әңгіме болуы керектігін айтып, ұлт болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ, былтыр Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, комиссия бойынша Түркістан облысының кураторы Баян Жандосова және облыстық комиссия мүшелері, құзырлы орган қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және комиссия мүшелері селекторлық форматта қатысты.

– Бүгінде қоғамда әйелдер істері, сонымен қатар отбасылық мәселелер қызу талқылануда. Түркістан өңірінде әйелдер қауымы барлық салада жемісті еңбектер етіп жатыр. Облыс көлемінде 200 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығын шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтары құрайды. Жалпы бұл бағыттағы комиссия жұмыстары облыста жоспарға сай жүргізілуде. Алайда кейбір аудан, қалалар комиссия жұмысына салғырт қарап, республика деңгейінде облыстық комиссия жұмысына сын келтіруде. Осыған байланысты аудан, қаладағы комиссия төрағарлары және хатшылары сіздерге тиісті жұмыстарды орындап, жауапкершілікпен қарауды ескертемін. Ерте жүктілік мәселесіне түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Дегенмен бұл тіркелген 400-ден астам деректі ақтап ала алмайды. Мұның салдары да көп. Жылы жауып қоюға болмайды. Республика көлемінде қаралып жатыр қазір бұл проблема. Оған арнайы заң бар. Қалыпты тіршілік деп қарамайық. Тиісті жұмыс жүргізуді денсаулық пен білім саласы бірлесе атқару керек, – деген облыс әкімінің орынбасары айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді хаттамаға түсіруді тапсырды.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Жиын барысында құзырлы мекемелер мен тиісті басқарма өкілдері баяндама жасады. Облыс көлемінде әйелдер жұмыссыздығын азайту және осы бағыттағы жоспарланған шаралар талқыланды. Сонымен қатар құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық фактілері туралы деректер келтіріп, әйелдердің репродукті денсаулығын қорғау, соның ішінде ана мен бала өлімінің проблемалары айтылды. Ауыл әйелдерінің өмір сүру сапасын, білім деңгейін арттыруға, репродуктивті денсаулықты жақсартуға, сондай-ақ экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Түркістан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа редакциядағы жұмыс жоспары қаралды.

Былтырғы ақпарат бойынша,Түркістан облысында көпбалалы отбасы саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қазірдің өзінде өңірде 183 мыңнан аса көпбалалы ана бар болса, олардың 60 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері. Мамандар демографиялық ахуалдың жақсара түсуіне мемлекеттің қамқорлығы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы себеп, - дейді. 

Келес ауданының Бірінші мамыр ауылында тұратын Көштаевтар әулетінің отбасылық құндылыққа деген көзқарасын көпшілік үлгі етеді. Ақылбек ақсақал мен Идоят апа 42 жыл отандасып, бүгінде жеті перзентінен 21 немере сүйіп отыр. Бес келіні де көпбалалы ана атанған. 

Ұл-қыздарын ұлағаттылыққа баулыған шаңырақтағы татулықтың негізі төзімділікте, дейді әулеттің отанасы. Шаңырақтың шаттығы мен бақыты әкенің мысы мен ананың мейірімінен құралатынын айтады. 

Идоят Сыдыққызы, «Алтын Алқа» иегері:

Мен өзім көпбалалы болғанды жақсы көретін едім. Аллаға шүкір, олар менің бақытым. Барлығы бір бір үй болды. Әрқайсысында өздерінің перзенттері, балалы болып жатыр. Шағалы болып жатыр. Әрбір перзенттерім, немерелерім дүниеге келген сайын мен қуанамын. 

Келес ауданындағы аналардың басым көпшілігі бүгінде көпбалалы болуға ден қойған. Әрбір отбасында кемінде төрт-бес баладан бар. Мамандар мұны еліміздегі тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының жақсарғанымен байланыстырады.

Гүлнұр Құралбаева, Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

Келес ауданының халқының санының өскенін байқаймыз осы бес жылдықта. Көпбалалы аналардың саны 13197-ні құрайды. Оның ішінде «Алтын алқа» игері аналарымыз 1678, "Күміс алқа" иегері 3547-ні құрайды. 

Айта кетейік өңірде өткен жылы көпбалалы аналардың саны 145 мың болса, биыл олардың қатары 38 мың анамен толыққан. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері әсіресе Жетісай, Сарыағаш пен Сайрам аудандарында көп тіркеліп отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.