Түркістан облысындағы балаларға арналған бағдарламалар: жарқын болашаққа бағытталған игі бастамалар

Түркістан 13 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы — еліміздің ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Соңғы жылдары облыс әкімдігі мен Үкімет балалардың құқықтарын қорғау, олардың білім алу, денсаулық сақтау және шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында бірқатар маңызды бағдарламаларды жүзеге асырып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

 

Іс-шараға қатысқан ата-аналар балалардың тұлғалық дамуына серпін беретін бастаманы өткізуге ұйытқы болған «AMANAT» партиясына ризашылықтарын білдірді.

«Немерем мектеп жанындағы таэквондо үйірмесіне қатысады. Жазғы демалыс кезеңінде күннің астында бос жүрмесін деп бүгінгі іс-шараға қатыстырып отырмын. Оқушылар сарайында балаларымыздың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Немеремнің осындағы үйірмелерге қызығушылығы артып отыр. Мектепің де, Оқушылар сарайының да жұмысына ата-ана ретінде көңілім толады», - дейді бастауыш сыныпта оқитын немересін іс-шараға алып келген Алтынкүл Мыңжанқызы.

Облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанаты отбасы құндылықтарын насихаттау, әйел азаматтардың құқықтарын сақтау, олардың мүдделерін қорғау, қыз-келіншектердің азаматтық бастамаларына қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарын одан әрі жүйелі түрде жалғастыра беретін болады.

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыс деректері төмендеді. Облыс әкімдігі жанындағы комиссияның кеңейтілген отырысында осы мәселелер талқыланып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Жиынға облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау, білім беру салаларының басшылары, әкім орынбасарлары мен комиссия мүшелері қатысты. Кәмелетке толмағандар арасында қылмысты, ерте жүктілікті және өзіне-өзі қол жұмсауды алдын алу шаралары қаралды.

Облыстық білім басқармасы мен полиция департаменті өздерінің атқарған жұмыстарын баяндап, денсаулық сақтау басқармасы мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы отбасын қолдау және балаларды қорғау бағытындағы қызметтерді жетілдіру жайлы ақпарат берді.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы жұмысшы топтар құрылып, барлық аудан мен қалаларда құқық қорғау, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер арасында координация нығайтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – басты назарда екенін айтып, мекемелердің бұл бағыттағы жұмыстарын күшейту қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, «жайсыз отбасыларда» тәрбиеленіп жатқан балаларға профилактикалық көмек көрсету, мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру мәселелері қозғалды.

Айта кетсек, өңірде 17 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Жақында «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» ашылып, онда 49,5 штаттық бірлік жұмыс істейді. Орталық ата-аналар, педагогтер және балаларға консультациялық көмек көрсетуде. Облыста 1797 педагог-психолог бар, жаңа оқу жылынан бастап қосымша 86 маман тарту жоспарлануда.

Педагог-психологтар мен тәрбиешілердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың психо-эмоционалдық жай-күйін анықтау мақсатында анонимді сауалнама алынған. Мектептерде балалардың көмек алуы үшін арнайы QR-кодтар орналастырылған.

Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары 8-ге дейін төмендеп, балалар арасындағы қылмыс пен ерте жүктілік деректері де азайды. Балалардың қауіпсіздігін қорғау және жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар ары қарай жалғасады.

Түркістан облысының Түлкібас ауданында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен 200-ге жуық оқушы Балықты көлінің жағалауын қоқыстан тазалады, деп хабарлайды 24kz.

Табиғат жанашырлары аумағы 1 гектардан асатын көлдің жиегін тұнба баЛдырдан арылтты. Сондай-ақ бүлдіршіндер табиғат аясында сурет салу байқауына қатысты. Өнерлі оқушылар көл жағасында отырып, табиғаттың әсем көрінісін қағаз бетіне түсірді. Табиғатты қорғау акциясының мақсаты – қоғамның экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениетін қалыптастыру. 

Айта кетейік, ұлттық парк аумағын 59 түрлі аң мен 300-ге жуық құс мекендейді. Олардың біразы Қызыл кітапқа енгізіліп, арнайы қорғауға алынған. Бұдан бөлек, 1 мың 600-ден астам ағаш және дәрілік өсімдіктердің бай қоры бар. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.