Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, тарихи және мәдени байлығы мол өңір. Соңғы жылдары облыста әйелдер мен аналарға арналған мемлекеттік және қоғамдық бағдарламаларға ерекше көңіл бөлініп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Бұл мақалада Түркістан облысындағы аналарға арналған бағдарламалардың мазмұны, жүзеге асырылуы, нәтижелері және болашақтағы даму бағыттары қарастырылады,- деп хабарлайды turkistan.today
Болашақтағы даму бағыттары
Түркістан облысындағы аналарға арналған бағдарламалардың болашақтағы даму бағыттары келесідей:
Жаңа бағдарламалардың енгізілуі: Аналарға арналған жаңа бағдарламалар енгізіліп, олардың мазмұны кеңейтіледі.
Бағдарламалардың тиімділігін арттыру: Қабылданған бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында мониторинг және бағалау жүйелері енгізіледі.
Қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюы: Аналарға арналған бағдарламаларды жүзеге асыруда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы нығайтылады.
Түркістан облысындағы аналарға арналған бағдарламалар әйелдер мен аналардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру бағытында маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы нәтижесінде аналарға арналған бағдарламалардың тиімділігі артып, олардың қоғамдағы рөлі нығаяды. Болашақта аналарға арналған бағдарламалардың мазмұны кеңейіп, олардың жүзеге асырылуы тиімдірек болады деп күтілуде.
Айта кетелік, Түркістан облысының медицина қызметкерлеріне практикалық-консультациялық көмек және әдіснамалық қолдау көрсету мақсатында көшпелі мониторинг жүргізілді. Оған Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы» ғылыми орталығынан бір топ мамандар арнайы келген болатын. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтіп, балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижесі талқыланды.
– Ана мен бала денсаулығын қорғау аса маңызды. Бұл кезек күттірмейтін мәселе. Арнайы профессор, мамандардың өңірімізге келіп, талдау жұмыстарын жүргізіп жатқанына қуаныштымыз. Проблема бар екенін жоққа шығармаймыз. Облыс басшысының қолдауымен бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықталуы, мамандардың біліктіліктерін арттыру үнемі назарда. Сондай-ақ қажетті маман тапшылығын жою бойынша қаржы қарастырып, арнайы гранттар бөліп отырмыз. І тоқсан қорытындысы бойынша жалпы тірі туылған нәрестелер саны 12 593-ті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 763 жағдайға төмендеген. Ал неонатальді нәрестелер өлімі 15 жағдайға азайған. Мониторинг нәтижесі бойынша қайтадан талқылап, орын алуы ықтимал деген мәселенің алдын алу үшін тиісті жұмыс жүргізуді тапсырамын. Сондықтан нақты ұсыныс беріңіздер, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Жиын барысында профессор, ҚР ДСМ штаттан тыс бас неонаталдық хирургі, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ клиникалық жұмыс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, топ жетекшісі Асылжан Ерекешов талдау нәтижелерін таныстырды. Оның айтуынша тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «КЕАҚ неонатология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Нышангүл Божбанбаева баяндама жасаса, мониторинг топ мүшелері пікірін ортаға салды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдувалиев өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, жиынды қорытындылады.
Өткен жылы медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 9 млрд, ал мамандардың біліктілігін арттыруға 125 млн қаражат бөлінген. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 43 маман шет елдерде, соның ішінде 36 маман Ресейде оқытылды. Ал 7 маман Түркияда біліктілік арттырды. 600 маман балалық шақтағы ауруларды бірлестіре жүргізу бағдарламасы бойынша оқудан өткен. Облыс әкімінің тарапынан 60 грант бөлініп, қазіргі таңда 37 маман резидентурада оқуда.
Биыл медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 7,3 млрд, мамандардың біліктілігін арттыруға 121 млн қаражат жоспарлануда. Сонымен қатар облыс әкімінің тарапынан 139 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарға ғылыми орталықтың дәрігерлеріне практикалық кеңес өткізілді. Ал консультативтік-диагностикалық емханада ауданнан келген науқастарға консилиум жасап, жаңа туған нәрестеге ота жасау барысында тәжірибелерімен бөлісті. Түркістандық хирург мамандарына лекция оқып, дәріс жүргізді.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында салынып жатқан «Ана мен бала» орталығындағы жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен салынып жатқан перзентхана – 80 төсек-орындық. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын «Эристайл-Казахстан» ЖШС жүргізіп жатыр.
Орталық 3,3 гектар аумақта орналасады. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы – 17 288 шаршы метр. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толық аяқталған. Іргетасын құю және қайта топырақпен көму жұмыстары атқарылған. Нысан 2026 жылы тапсырылады деп жоспарланған.
Облыс әкімі мердігер мен жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқару, құрылыс талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Құрылысқа қатысты ұсыныс-пікірлерді тыңдап, медициналық мекемені мамандармен қамту, жұмысын үйлестіру мәселесі де назардан түспеуі тиіс екенін ескертті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.