Түркістан облысында 1000-ға жуық адамды жұмыспен қамтитын өндіріс орынының құрылысы басталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 25 сәуір, 2025

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС-нің ірі зауытының құрылысы басталды. Құны 180 млрд теңгені құрайтын  зауытта каустикалық сода, поливинилхлорид, цемент, әк және кальций карбиді өндіріледі. Түркістан облысының әкімі  Нұралхан Көшеров зауыттың құрылыс алаңында болып, инвестормен кездесті. Бастамаға сәттілік тіледі,- деп хабарлайды turkistan.today

– Бүгін біз еліміз үшін аса маңызды өндірістік жобалардың бірі – «Састөбе инновациялық кешенінің» бірінші кезеңінің қондырғыларды орнату жұмыстарын бастау сәтінің куәсі болып отырмыз. «Саутс-Ойл» компаниясы қолға алып отырған бұл кешен іске қосылғанда Қазақстандағы ең ірі әк өндіруші болады. Аталған өндіріс ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге ғана емес, экспорттық әлеуетімізді де айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Инвесторларға алғысымызды білдіреміз. Жоба сәтті жүзеге асып, тұрғындар жұмыспен қамтыла берсін, – деді Нұралхан Көшеров.

Түлкібас ауданы аумағындағы «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС жобасына «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы аясында қолдау көрсетіліп, жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Республикалық бюджеттен инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына қаржы бөлінді. 2026 жылы іске қосылатын зауытта жылына  400 мың тонна әк, 200 мың тонна кальций карбидін, 100 мың тонна каустикалық сода, 120 мың тонна поливинилхлорид (ПВХ) және 1 млн тонна цемент өндіру жоспарлануда. 1000-ға жуық жұмыс орны ашылады.

Өнімдерін елімізбен қатар шетелге экспорттау жоспарлануда. Бүгінде республика аумағы бойынша бұндай өндіріс орны жоқ. Жобада экологиялық таза, заманауи өндірістік технологиялар қолданылады. Қазіргі таңда шетелден 100% импортталып отырған ПВХ және кальций карбиді енді өз елімізде өндірілмек. Бұл жоба құрылыс, химия, металлургия секілді өнеркәсіптің көптеген салаларына серпін береді деп күтіліп отыр.
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.