Түркістан облысы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып мектеп психологиясына жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізді. Өңірдің барлық жалпы білім беретін мектептері WeGlobal.AI платформасына қосылып, психоэмоционалдық қолдаудың цифрлық моделіне өтті.
Түркістан облысы білім беру жүйесін деректерге негізделген басқару форматына көшіруді нақты қадамдармен жүзеге асырып отыр. WeGlobal.AI платформасын енгізу — мектеп психологиясын цифрлық трансформациялаудың еліміздегі алғашқы кешенді тәжірибесі.
Платформа оқушылардың психоэмоционалдық жағдайын талдап, ықтимал тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект әрбір оқушыны автоматты түрде жасыл, сары және қызыл тәуекел аймақтарына бөледі. Бұл мамандарға нақты қолдауды қажет ететін балалармен мақсатты әрі жедел жұмыс жүргізуге жағдай жасайды. Барлық қорытындылар педагог-психологтардың кәсіби сараптамасынан өтеді.

Цифрлық шешімдер мектеп психологтарының жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Тест нәтижелері автоматты түрде өңделеді, консультациялар журналы электронды форматта жүргізіледі, әр оқушыға жеке цифрлық профиль қалыптастырылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект оқушының қысқаша психоәлеуметтік сипаттамасын әзірлейді. Бұл қағазбастылықты азайтып, мамандардың уақытын балалармен тікелей жұмысқа бағыттауға мүмкіндік береді.
Платформада кәсіби бағдарлау модулі де қарастырылған. Оқушылар өз қабілеттерін анықтап, ұсынылатын мамандықтар тізімімен танысып, сәйкес оқу орындарын таңдай алады және сынақ тесттерін тапсырады. Осылайша кәсіби таңдау процесі жүйелі әрі деректерге негізделген форматқа көшті.
Жобаның жүзеге асырылуы Түркістан облысын білім беру саласындағы цифрлық жаңғыртудың флагманына айналдырды. Жасанды интеллект арқылы тәуекелдер ерте анықталып, психологиялық көмек уақтылы көрсетіледі, ал басқару процесі нақты нәтижеге бағытталады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.