Түркістан облысында өндіріс орындарын ашуға аймақтағы өндіріс орындарын заман талабына сай дамытуға басымдық берілген. Бұл ретте Түркістан облысы әкімдігі тарапынан нақты жұмыстар атқарылуда,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Хайдельберг Материалз Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Михаил Доковты қабылдады. Кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы шикізат орындарын тиімді пайдалану, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту мәселелері сөз болды.
– Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға, жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Компанияның біздің өңірге қатысты жобаларының жүзеге асырылуы, алдағы жоспарлары жайлы білгіміз келеді. Өңірді дамытуға кәсіпорындар да атсалысады деген сенім мол, – деді Нұралхан Көшеров.
«Хайдельберг Материалз Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Михаил Доков атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Қос тарап кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алып, жүйелі жұмыс атқаруға уағдаласты.
Айта кетейік, 7 жыл ішінде Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімі 1 214 млрд теңгені құраса, ауыл шаруашылығының өнім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Облыс экономикасына 1335,0 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл басынан тартылған инвестиция 387,8 млрд. теңгені құрады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.