Түркістан: Бір мектептен түлеп ұшқан үшем жаңа өмірге қадам басты

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 23 мамыр, 2025

Түркістан облысы, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектеп үшін биылғы соңғы қоңырау ерекшелігімен есте қалмақ,- деп хабарлайды turkistan.today

Себебі түлектер арасында үшем мектеппен қоштасты. Әмзе Дариға, Әмзе Забира, Әмзе Қасиет есімді үшемдер қарапайым отбасында тәрбиеленіп өскен.  

Бір қызығы үш арудың болашаққа құрған армандары асқақ. Таңдап отырған мамандықтары да әртүрлі. Забира мен Дариға болашақта педагог-психолог мамандығын таңдаса, ал Қасиет менеджер болғысы келеді. Үшемдердің бойында өнерге деген құштарлық бар. Үшеуі қосылып ән шырқағанды ұнатады. Бала күнінен бірге өскен үш ару енді үлкен өмірге қадам баспақ.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.