Арыс қаласында экологиялық тазалықты насихаттау мақсатында «Таза Қазақстан» эко-шарасы аясында сенбілік ұйымдастырылды,— деп хабарлайды turkistan.today
«Мөлдір бұлақ» ұранын ұстанған тазалық жанашырлары Теміржолшы елдімекенінде орналасқан жағажайды күл-қоқыстан, арамшөптерден тазартып, табиғатты аялауға үн қосты.
Тазалық шарасына қала әкімі Қайсар Маңқараев пен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, ардагерлер, мемлекетік қызметшілер мен жастар және еріктілер қатысты. Тазалық жанашырлары өзен-көлдердің тазалығын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, болашақ ұрпаққа таза табиғи орта қалдырудың жауапкершілігін сезінді. Жиналған күл-қоқысты алып кетуге 10-ға жуық арнайы техника да тартылды.
Арыс қаласы әкімдігі мен экологиялық ұйымдар мұндай шаралардың тұрақты түрде жалғасатынын айтып, барлық тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырды. «Таза су – тіршілік көзі. Табиғатты аялау – ортақ міндетіміз» деген сенбілік қатысушылары таза әрі көрікті қала үшін еңбек етуді жалғастыратынын жеткізді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.