Құрманғазы ауылында орталық стадионды қайта жаңарту жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды turkistan.today
Жоба 2022 жылы іске қосылған — сол жылдың 26 қазанында 922,7 миллион теңгеге келісімшартқа қол қойылған болатын. AtyrauPress сайтының хабарлауынша, жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 12 ай ішінде аяқталуы тиіс еді, алайда мерзім бұзылған.
Мерзімнің бұзылуына байланысты мердігер ұйым жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен компаниядан 8,8 миллион теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы қаулы шығарылды. Сонымен қатар, қосымша 83 миллион теңге өндіру бойынша сот процесі жалғасуда. Үш жыл ішінде бюджеттен бөлінген қаражат толық игерілген.
Жұмыстардың тоқтауына байланысты мердігермен жасалған келісімшарт бұзылды. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Марат Хасановтың айтуынша, жаңа мердігерді анықтау үшін конкурс 2026 жылға жоспарланған.
Әкімдік өкілдері нысанның құрылысын қайта бастау мәселесі бақылауда екенін атап өтті. Жаңа мердігер анықталғаннан кейін орталық стадиондағы жұмыстар қайта жалғастырылады.
Құрманғызы ауылындағы орталық стадион құрылысына жаңа мердігер 2026 жылы анықталады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.