Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 21 мамыр, 2025

Созақ ауданында жылдағы дәстүрге сай шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары басталды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқабында 150 гектар, Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас 100 гектар аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жалпы көлемі 850 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Аталған шараларға қажетті 8 техника жұмылдырылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков зиянкестермен күрес жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарға бақылау жүргізуде. Өңір басшысы жауапты мекемеге залалсыздандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, аталған аумақтарда өткен жылы саяқ шегіртке түрі тіркеліп, 930 гектар жер залалсыздандырылған болатын. Ал биыл алғаш рет Сарысу ауданымен шекаралас аумақта итальяндық шегіртке түрі анықталып отыр. Қазіргі таңда болжам орталығының мамандары зиянкестердің дернәсілдері анықталған аумақтарды тұрақты бақылауға алып, олармен күрес шараларын жүргізіп жатыр.


 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.