Ордабасыда білім саласының қызметкерлері мен ата-аналар экоакцияға үлес қосты

Ордабасыда білім саласының қызметкерлері мен ата-аналар экоакцияға үлес қосты

Ордабасы ауданының білім беру ұйымдары ата-аналармен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Тазалықты жанына серік еткен мектеп қызметкерлері мен ата-аналар мектеп ауласын тазарту, көркейту және көгалдандырумен айналысты. Тазалық жұмыстарына ерікті түрде барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып өткізді.

Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, тәрбиесінің көрсеткіші. Тазалық – адамның денсаулығы деген сөз. Сондықтан жас шәкірттерді және жастарды табиғатты қорғауға, аялауға үйрету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Акция шеңберінде 9000- ға жуық көшет, 7000 түп гүл отырғызылып, 5000 куб күл-қоқыс шығарылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0