Серіктестер

Каспий түбімен өтетін интернет-магистраль: жоба 2027 жылы іске қосылуы мүмкін

Фото: «Қазақтелеком» баспасөз қызметі
Фото: «Қазақтелеком» баспасөз қызметі
Түркістан 7 қыркүйек, 2026

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосуға жақындады. Жобаны «Қазақтелеком» және AzerTelecom Int. бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
 

Жаңа байланыс желісі Қазақстанды халықаралық цифрлық магистральдарға қосып, Еуропа мен Азия арасындағы деректер транзитін дамытуға мүмкіндік береді.

Компания мәліметінше, кабельдің теңіз бөлігін төсеу жұмыстары аяқталған. Қазір оны жағалаудағы жерүсті инфрақұрылымымен жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жобаның техникалық бөлігі логикалық аяқталу кезеңіне жақындады. Маршруттың теңіз бөлігін төсеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта кабельді жерүсті инфрақұрылымымен жалғау жұмыстары жүргізілуде», – деді «Қазақтелеком» Халықаралық келісімдер департаментінің директоры Айнұр Байбатырова.

Жобаны толық коммерциялық пайдалануға 2027 жылдан бастап беру жоспарланып отыр.

«Қазақтелеком» өкілдерінің айтуынша, жаңа инфрақұрылым халықаралық арналардың өткізу қабілетін арттырып, деректерді беру кезіндегі кідірісті азайтуға және байланыс тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді.

Бұл жоба Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық және транзиттік хаб ретіндегі рөлін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар Алматыда өткен International Carrier Meeting 2026 шарасында «Қазақтелеком» халықаралық байланыс операторларымен цифрлық инфрақұрылымды дамыту және жаңа халықаралық бағыттарды қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.