Атырау–Доссор автожолының 601-шақырымында Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Volvo» маркалы автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 17 тонна 652 келі балық өнімі анықталып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша балық ресурстарын заңсыз аулау дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайлары әзірге жарияланбайды.
Полиция азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырады. Сондай-ақ балықты заңсыз аулау, сақтау немесе тасымалдау фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.
Заңсыз балық аулау табиғи ресурстарға елеулі зиян келтіріп, экологиялық тепе-теңдікке кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан балық ресурстарын қорғау және оларды заң талаптарына сәйкес пайдалану – баршаға ортақ жауапкершілік.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.