Серіктестер

23 тамыздағы сайлауға дайындық: Ордабасыдағы учаскелер бақылауда

Түркістан 16 тамыз, 2026

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауына дайындық аясында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Өсербаев пен Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М. Үкібас аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді,— деп хабарлайды turkistan.today

Жұмыс барысында сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, дауыс беруге қажетті жағдайлардың жасалуы, ақпараттық көрнекіліктердің орналасуы және сайлаушыларға қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына жасалған жағдайлар жіті бақылауға алынды. Учаскелердің қолжетімділігі, кіріп-шығу мүмкіндігі және дауыс беру кезінде азаматтарға қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуіне оң баға берілді.

Сайлау учаскесі – азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды орын. Сондықтан мұнда жасалған әрбір жағдайдың артында азаматтың құқығы мен еркін таңдауы тұр.

Алдағы күндері анықталған мәселелер бойынша жұмыстар пысықталып, сайлау учаскелерін толық дайындыққа келтіру шаралары жалғасады.

23 тамыз – таңдау күні.
Әр дауыс маңызды. Әр азаматқа жағдай жасалуы тиіс.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.