Түркістандықтар Түркияға гуманитарлық көмек тиелген 2 ұшақ жөнелтеді

Түркістандықтар Түркияға гуманитарлық көмек тиелген 2 ұшақ жөнелтеді

Түркия еліндегі жер сілкінісі әлем халықтарының ортақ қайғысына айналғаны белгілі. Ал бауырлас қазақ халқына тіпті ауыр тиді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Мемлекет басшысының бастамасымен 100-ден құтқарушы мен дәрігер Түркияның зілзала болған қалаларына аттанды. 

Сондай-ақ, еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинаушылар саны артып келеді. Соның бірі - Түркістан қаласындағы Халықаралық «Turkistan» әуежайы. Мекеме Түркияның Ыстамбұл қаласына 10-11 ақпан күндері арнайы гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр. Кез келген азамат өз мүмкіндігінше көмек бере алады. Ол үшін ересектер мен балаларға арналған жылы қысқы киімдер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттарды «Turkistan» әуежайына әкелуі қажет. 

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы - 2 тонна. Әуе рейстерін «Fly Arystan» және «Turkish Airlines» компаниялары орындайды. Қаржылай көмек беремін деушілерге айта кетсек, каспий нөмір мен байланыс нөмірі: 8 702 165 25 67 Шынболат.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0