Қымбат Әбілдәқызы: “Баланың балаша еркіндікте болуын шектеп тастадық

Қымбат Әбілдәқызы: “Баланың балаша еркіндікте болуын шектеп тастадық

“Айгөлек” журналының бас редакторы, ақын Қымбат Әбілдәқызы “Хабар” арнасындағы “Оян қазақ” таңғы бағдарламасында қонақта болды. Ол бүгінгі таңдағы бала тәрбиесі туралы айтты. Ата-ана мен бала қарым-қатынасына тоқталып өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

“Қазіргі кезде кез-келген ата-ана баласының жақсы болуы үшін оны оқытуды балалардың болашағына салған инвестиция деп ойлайды. Баланың ойнауға, еркіндікте болуын шектеп тастайды. Бала қолының бәрін шаң етіп, жалаңаяқ көгалда ойнағысы келеді. Қысқасы біз баланың балаша ойлауын, балаша қателік жасауын, балаша іс-әрекет жасауына мүмкіндік бермейтін болдық. Қалада бір баланың иығына үш-төрт үйірмеден іліп қоямыз. Сол ата-аналар баланың қайбір бейімімен санасып отыр дейсіз? Бейім деген ол баланың туа біткен бойындағы қабілетін айтамыз. Тәңірден берілген бір қасиет болуы мүмкін. Ата-ана осы тұста абай болуы керек. Бала кезде бәрі әдемі. Жақсы нәрсе көп айналамызда. Баланың бойында сондай таза бұлақ болады. Сол бұлақтың көзін аша білген дұрыс. Ол бұлақ ақырын аққысы келеді. Сылдырлап жай аққысы келеді. Алайда ол бұлақтың өмірдің дауылы соқпа ма? Оның көзі бітеліп қалуы мүмкін.

Балаға үнемі бағыт керек, үнемі қолдау керек, тыйым керек балаға. Өйткені ол бала. Соның үшін бағдаршам сияқты жол көрсетіп отыруымыз керек. Кейде балаға жақсылық жасаймын деп жамандық істеп қоюымыз мүмкін. Жамандығымыз сол өз қолымызбен ішкі бұлағын тоқтатып қоямыз. Жақсылық жасаймыз дейміз, жақсылығымыз жамандық болып кетеді”,-дейді

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0