Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Финляндия және Солтүстік Ирландия құрамаларымен кездесуден кейін әлемдік рейтингтегі орны жаңарды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

7 қыркүйекте құрамамыз финдерді қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Ал кеше, 10 қыркүйекте, Магомед Адиев шәкірттері Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан 8,70 ұпайға иелік етіп, 1 206,94 ұпайға қол жеткізді. Сол арқылы құрамамыз 104-сатыдан 101-орынға көтерілді. Алғашқы жүздікті қорытындылап тұрған Беларусьтен 0,997 ұпайға қалып келеміз.

Айта кетейік, бұл рейтингте Қазақстан 2016 жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол кезде құрамамыз кестеде 86-орынға көтерілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
1
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0