Белгілі әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі дүние салды

Белгілі әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі дүние салды

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды, деп Turkistan Today хабарлайды Uaqyt.info. сайтына сілтеме жасап.

Қаралы хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз”, — деп жазды Ерлан Рысқали.

Айгүл Иманбаеваның қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатқандар көп.

“Айгүлжан қаза қайырлы болсын, соңғы рет сенің концертіңде көріп едік, сенің әкеңнің алдында тебіреніп, көзіңе жас алғаның есімде”, “Қазаның арты қайырлы болсын!”, “Алла алдынан жарылқасын!”, “Иманды болсын”, — деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
1
dislike
1
love
2
funny
2
angry
0
sad
1
wow
0