Бахтиёр Зайнутдинов ұлттық құрама сапына келіп қосылды

Бахтиёр Зайнутдинов ұлттық құрама сапына келіп қосылды

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты-2024 іріктеу турнирі аясында өтетін матчтарға дайындықты бастады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Түркияның "Бешикташ" командасының футболшысы Бахтиёр Зайнутдинов Еуропа чемпионаты-2024 іріктеу турнирінің матчтарын өткізу үшін Қазақстан құрамасының орналасқан жеріне келді. Одан бөлек Рамазан Оразов (Копер), Марат Быстров (Ахмат) және Нұралы Әліп ("Зенит") ұлттық құрама сапына қосылды.

Айта кетейік, Нұралы Әліп "Зенит" сапындағы кездесуде ауыр жарақаттан аман қалды. Қорғаушымыздың командасы ЦСКА-мен сырт алаңда тең түсті. Ойын барысында Нұралы алаң иелерінің шабуылшысы Антон Заболотныймен қатты соқтығысып қалған болатын.

Сонымен қатар алдағы матчтарға "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков шақырту алды. Футболшы жарақатына байланысты "Тобылдың" төрт ойынын өткізіп алған болатын. 31 тамыз күні ол "Викторияға" қарсы (0:3) Конференция Лигасының плей-офф раундының екінші матчында алаңда 30 минут өткізді. Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жарақатынан айығуына қарай Арман Кеңесовті немесе Ислам Чесноковты ұлттық құрамаға шақыратынын айтқан болатын.

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу аясында 7 қыркүйек күні өз алаңында Финляндия және 10 қыркүйек күні Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы екі ойын өткізеді. Төрт турдан кейін Қазақстан H іріктеу тобындағы Финляндиямен бірінші-екінші орындарды бөліседі. Командалардың әрқайсысында әзірге тоғыз ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0