Әйел-баласын сабайтындар үйде жатады, зәбір көргендер далада қашып жүреді

Әйел-баласын сабайтындар үйде жатады, зәбір көргендер далада қашып жүреді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отбасына тұрмыстық зомбылық жасаушыларды үйден уақытша қуатын норманың пәрменін пысықтау қажеттігін айтты, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жалпы қазіргі жағдай осылай. Күш көрсетуші үйде қалып, зардап шеккендер үйден қуылады. Зомбылықтан қашып жас баласымен үйден кетуге мәжбүр. Сонда әйел-баласын сабайтындар үйде жатады, зәбір көргендер неге босып жүруі керек? Сондықтан норманы қайта қараудың мәні бар шығар. Бұл жерде айтқан ұсыныстарыңыздың бәрі ғылыми негізделген болуы керек. Өйткені әр норманы қолдану тәжірибесі әркелкі", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
18
dislike
0
love
1
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0