Қарағандыда әлеуметтік павильондар желісі кеңейеді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Экономика 11 қазан, 2025

Қарағандыда әлеуметтік павильондар желісі кеңейеді, деп хабарлайды turkistan.today

Қарағандыда фермерлердің өнімін тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізетін әлеуметтік павильон өз тиімділігін көрсетті. Жергілікті биліктің бастамасын ауыл шаруашылығы өндірушілері қолдап, тұрғындар да жоғары бағасын беріп отыр. Мұнда қарағандылықтар сапалы әрі қолжетімді тауарды делдалсыз сатып ала алады.

Әр таң сайын Шет ауданынан облыс орталығына жаңа сойылған ет жеткізіледі. Әлеуметтік павильон әкімшісінің айтуынша, өнімге сұраныс жоғары — фермерлер күн сайын 700 келіге дейін сиыр етін, яғни үш-бес тұтас мал етін өткізеді. Кешке қарай барлығы сатылып кетеді. Сонымен қатар қазы-қарта, жал-жая сынды жылқы еті де үлкен сұранысқа ие.

– Сауда тұрақты жүріп жатыр. Тұтынушылар көбейіп келеді, себебі өнім жаңа, сапалы әрі бағасы нарықтағыдан төмен, – дейді павильон әкімшісі.

Жоба әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұруға және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған. Мұнда етпен қатар көкөніс, бакалея өнімдері мен жұмыртқа да нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.

Бастама облыс әкімінің тапсырмасымен іске асырылған. Осы мақсатта Қарағанды және Шет ауданы әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Фермерлер үшін сауда алаңы тегін ұсынылған – жалға алу немесе коммуналдық шығындар төленбейді.

Қазір фермерлік өнімдер сатылатын алғашқы әлеуметтік павильон Оңтүстік-Шығыс ауданында, Сатыбалдин көшесі, 11/1 мекенжайында жұмыс істеп тұр. Желі аясын кеңейту жоспарда бар: қазіргі таңда Майқұдықтағы екі жаңа нысанның құрылысы жүріп жатыр – бірі 14-шағын ауданда, екіншісі Бирюзов көшесінде орналасады. Болашақта қала бойынша тағы бірнеше осындай сауда нүктесі ашылмақ.

Мұндай әлеуметтік бастамалар ауыл мен қаланы жақындастырып, қарапайым тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.