Әлем чемпионын көшеде өлтіріп кетті

Әлем чемпионын көшеде өлтіріп кетті

Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-дан NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті, деп Turkistan Today хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы дереккөзіне сүйене отырып. 

Ақпарат бойынша, грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үйінен таңғы төртте біреумен сөйлесуге есік алдына шыққан, одан кейін өлі табылды.

Кейін желіде Мардановты өлтірген сәттен видео жарияланды.Видеода екі адамның Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатысушылардың бірі аңшы мылтығынан жерге оқ атады, алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді.

Қазіргі таңда 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам қашып кеткен. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0