Абат Аймбетов ресми түрде Еуропалық клубқа ауысты

Абат Аймбетов ресми түрде Еуропалық клубқа ауысты

"АданаДемирспор" түрік клубы "Астана" шабуылшысы және Футболдан Қазақстан құрамасы Абат Аймбетовпен келісімшартқа қол қойды, деп Turkistan Today хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Адана Демирспор" баспасөз қызметінің мәліметінше, келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 1,5 жылға жасалған.

"Біздің отбасымызға қош келдіңіз! Сізге сәттілік тілейміз!",- делінген клуб хабарламасында.

Адана Демирспор Суперлига кестесінде сегізінші орында, 23 матчта 31 ұпай жинады. Қазақстандық футболшылар Түркия чемпионатында легионер болып саналмайды.

Абаттың мансабында "Қайрат" пен "Ақтөбе" де болды.

Өткен маусымда форвард "Астана" сапында барлық турнирлерде 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0