«Егер осы ауданның тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмасаңыз, егер сіз Сайрам ауданының жанашыры болсаңыз, егер сіз шындықты шыжғырып бетке айтатын болсаңыз, «Парасат» пікірталас алаңы сіздікі! Шығыңыз да ойыңызды ашып айтыңыз».

 

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков «Парасат» пікірталас клубының мүшелерімен кездесуде осылай деді.

 

Бүгін Сайрам ауданында аудан әкімімен және «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының басшылығымен еркін пікір алмасып, ойы мен ұсынысын ашық айтатын алаң ашылды.

 

«Парасат» пікірталас клубының мүшелігіне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ауыл округтеріндегі ел ағалары, аудан тұрғындары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен саяси партиялар, депутаттар, жастар, ұлт жанашырлары және БАҚ өкілдері ене алады.

 

Әр тоқсан сайын бас қосуды жоспарлаған клубтың бүгінгі отырысы 2020 жылдың 9 айында Сайрам ауданындағы атқарылған жұмыстарға арналды.

 

Клуб ережесі таныстырылғаннан кейін аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы баяндама жасады. Ашылған бүгін болғанына қарамай, клуб мүшелері белсенділік танытып түрлі салаға қатысты сын-пікірлерін айтып, ұсыныс жасады.

 

Ұсыныстарға орай, пікірталас клубының келесі отырысы «Жер мәселелері. Денсаулық. Электр энергиясы»  тақырыптарына арналатын болды. Бұл алаң бірінші кездесуден-ақ қоғамға қажеттілігін дәлелдеді.

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

#bizbirgemiz #stopcovid19 #turkistansairam